Қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіретін Ораза айт мейрамының екінші күні Алматы қаласында «Алла» жазуы бар орамжапырақ табылды. Орамжапырақтың ортасында жазылған Жаратушының есімін Алматы қаласының жас тұрғыны Жадыра Дауылбайқызы әкесіне түскі ас әзірлеп жатқан кезде тауып алған екен. "Таугүл" мешітінен діни сауатын ашқан Жадыра "Алла" деген жазуды бірден байқапты.
Жадыраның отбасы мұны жақсылықтың нышаны деп қабылдап отыр.
Соңғы кездері ұлық Алланың аты бейнеленген ғажайыптар ел тұрғындарын таң қалдыруда. Рақымды, мейірімді Алла Дауылбай Жарылқапұлының отбасына да осындай нығметті нәсіп еткен екен. Алла бұл отбасыға Өзінің мейірімі мен берекесін сыйласын деп тілейміз!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.07.2016
7153
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру