Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алтай төсіндегі айт мейрамы

08.07.2016 3235 0 пікір

Таң рауандай Өскемен халқы мұнарасынан азан үні шалқыған «Халифа Алтай» мешітіне қарай ағылды. Мешіт ішінде халықтың көптігінен ине шаншар орын болмады.

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы жамағатты берекелі ораза айтпен құттықтап, асыл дінімізден тағылымға толы ғибратты уағыз айтылып, бабалар рухына құран бағыштады.

Бұдан соң жамағатпен айт намазы оқылды.

Мешіт ауласына алты қанат ақшаңқан үй тігілді. Жамағатқа бауырсақ таратылып, Алтайдың бал татыған сары қымызы сапырылып, үлестірілді.

Мешіт ауласында жамағатты қамтыған спорттық шаралар да өтіп жатты.

Арқан тарту сайысына бірнеше команда қатысып, білек күшімен бәсекелестерін жеңіп алған командалар арнайы сыйлықтар мен марапатталды.

Сонымен қатар кір тасын көтеру сайысы жүріліп, қарсыластарынан қара үзген қатысушыға сыйлықтар берілді.

Жамағаттар қасиетті рамазанмен қимай қоштасып, бір-бірін айтпен құттықтап, мәре-сәре болды.

 

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру