
Маңғыстау облысы бойынша барлық мешіттерде мектеп жасындағы балдырғандарға арналған діни сауат ашу курстары бір ай бойы жұмыс жасап, рамазан айының аяқталуымен тәмамдалды. Курс барысында балалардың сауатын ашып, әріп тануына мүмкіндік жасалды. Балалар 40 парызды үйренумен қатар имандылық қағидаларды да үйренді. Сонымен қатар көпшілігі Құран оқуды меңгерді.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінде сауат ашуға келген 80 бала межелеген айлық курстан кейін ата-аналарының құзырында өзара сайысқа түсті. Жүзден жүйріктеріне арнайы сыйлықтар беріліп, Құран кітабы сыйға тарту етілді. Мақсат үйренген Құран сүрелерін үйде ары қарай оқып жалғастыру. Биылғы сауат ашу курсында Нұр-Мүбарак университетінің шәкірттері ерледі. Бір ай бойы талмастан, жалықпастан балдырғандарға дәріс берген университет студенттері Махсетов Камал, Жумырбаев Жұмабай, Төрегелдиев Мұрат, Режепов Ерболат пен Керім Айбекке өкіл имам Смайыл Сейтбеков курс тамамдалған соң алғысын білдірді.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз қызметі
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.07.2016
3561
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру