Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Ғибадат» кітабы жарыққа шықты

08.07.2016 5722 0 пікір
«Ғибадат» кітабы жарыққа шықты

Ислам – тура әрі шынайы дін. Ол адамдарды жағымды әрі көркем мінезділікке, абзал әдептілікке тәрбиелейді. Құран Кәрімде: «Ақиқатында, Алланың алдындағы (шынайы) дін – Ислам», – делінген.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ислам дінінің сунниттік бағытын, оның ішінде имам Әбу Ханифа (699-767) мәзһабын, ал діни сенім мәселелерінде имам Әбу Мансур Матуриди (862-944) ақидалық мектебінің жолын ұстанады. Өйткені, ол – біздің тағдырымыз, ата-бабаларымыздың таңдауы, Алла Тағаланың таупық-һидаяты. Сондықтан, еліміздің әрбір мұсылман қауымының осы бағытта ілім үйреніп, амал етулері міндетті.

ҚМДБ-ның «Діни білім және ғылым» бөлімінің тапсырысы бойынша «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы, «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің ұстазы Аманқұлов Хасан Ташайұлы мешіт жанындағы бастапқы діни сауат ашу курсының тыңдаушылары мен медресеалды дайындық курстарының шәкірттеріне арналған «Ғибадат» атты оқулық жазып, ол оқулық ЖК «Сытина Н.И» баспаханасынан басылып шықты. Аталмыш еңбек исламның бес парызы: иман, намаз, ораза, зекет, қажылық мәселелерін қамтыған. Кітаптың сөздері қысқа һәм нақты, шариғат мәселелерінде дәстүрлі мектебімізге және діни басқарманың пәтуаларына сүйенеді, дұға мәтіндерін құрастыруда елімізде кең таралған көне діни кітаптардан пайдаланған.

 

«Ғибадат» кітабы ҚМДБ-ның сараптау комиссиясы тарапынан мақұлданды. Оның авторы Х. Аманқұлов Жамбыл облысындағы «Меркі» медресесінде (1991-1992), Андижан қаласындағы «Сайид Мухиддин Махдум» медресесінде (1992-1996), Ташкент ислам университетінде (1999-2003) және Қазақ ұлттық университетінде (2005-2007) білім алған. 2003 жылдан бастап ҚМДБ-ға қарасты мешіт-медреселерде қызмет етіп келеді. Бүгінде ол Павлодар облысы орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы қызметін атқарады.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру