Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ОРАЗА АЙТ МЕЙРАМЫ ӨЗ ДӘРЕЖЕСІНДЕ ӨТТІ

08.07.2016 3130 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті мұсылмандардың ұлық мерекесі  - Ораза айтын жоғары дәрежеде атап өтті.

Сүйікті Пайғамбарымыз Мұ­хаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Айт күні бірінші орындайтынымыз - намаз оқу», - деп атап өткендей осы күні таң атысымен қала тұрғындары мешітке ағылып, айт намазын оқыды. Намазға қатысушы тұрғындар үшін мешіт тарапынан 2 бағытта 7 тегін автобустар ұйымдастырылып, халыққа қызмет етті.

Айт намазына қатысқан жамағат ерекше көңіл күйде болып, бір-бірін мерекемен құттықтап, ізгі ниеттерін айтысып жатты.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы көпшілікті Ораза айт мейрамымен құттықтап, аталмыш мерекенің құндылығына тоқталды.

Осы күні орталық мешіт алаңында арнайы киіз үйлер құрылып айт мерекесінің құрметіне жайылған  дастарханнан тұрғындар дәм ауыз тиді.

Одан бөлек мешіт алаңында қазақы ұлттық ойындар ойнатылып, жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан марапатталды.

Қасиетті Рамазан айынан соң келетін ұлық мерекені осылайша тұрғындар ерекше ықыласпен атап өтті.

 

         Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру