Айт күндері мұсылмандар үшін нағыз қуаныш пен шаттықтың мерекелері. Оның қуанышын әсіресе кішкене бүлдіршіндеріміз де сезінуге тиіс. Жыл сайынғы ізгі дәстүрдей жалғасын тауып келе жатқан мейірімді де қайырымды жандардың үлес қосуымен өтетін «Рамазан сыйлықтары» науқаны ораза айының басында жарияланған болатын. Алматы орталық мешітінің ауласында Ораза айттың бірінші күні науқанның қорытындысы өтіп, биылғы жылы оған қала сыртында, ауылдық жерлерде тұратын тұрмысы төмен отбасыларының балалары шақырылды.
Бастапқыда 30 бүлдіршін белгіленіп, оларға әрқайсысына 30 000 теңгелік сыйлықтан есептеп, 900 000 теңге жинауды жоспарлаған болатынбыз. Бірақ Рамазан айының ғажайыптарының бірі ретінде ең алғашқы үлес қосқан христиан келіншек 500 000 теңгені бірақ аударды. Мұндай жағдай бұл науқанның тарихында алғаш рет орын алып отыр. Бұдан кейін барлығы ойдағыдай жалғасып, жиылған қаражат 1 200 000 теңгеге жетті. Сондықтан біз бала санып арттырып, 40 бүлдіршін шақырдық.
Барлық балаларға велосипед және дамытатын пайдалы ойыншықтар сыйға тарту етілді. Тек қана Бахытбек есімді бір балақанға ғана денсаулығына орай ол сыйлықтардың орнына смартфон сыйға тартылды.
Қаланың Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбеттен ораза айттың қадір-қасиеті, бала тәрбиесі мен ұрпақ болашағының маңызы жөнінде насихат тыңдағаннан соң балалар Бас имамның тікелей өз қолынан сыйлықтарын алды. Артынан балаларға айттық дастархан жайылды.
Алматы орталық мешітінің Azan.kz сайты және «Ыхлас» қайырымдылық қорының ұжымы осы науқанға қатысқан, ат салысып, өзінің үлесін қосқан барша мейірімді жандарға алғыс білдіре отырып, баршасына Алладан еселеген сауап және келер жылдың Рамазан айына амандықпен жеткізуін тілейді. Сондай-ақ осы балалардың барлығы Рамазан және айт мерекесін есте сақтап, жақсы көріп, есейгенде осындай игі істердің қасынан табылатын үлкен азаматтар болсын деп тілейміз. Алла қабыл қылсын! Әмин.
Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.07.2016
4194
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру