Діни басқарманың төрт бағыт жұмыстарының бірі һәм бірегейі қайырымдылық шараларын жан-жақты ұйымдастырып, өткізу болып табылады.
Осы шара аясында Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында орналасқан №1 жалпы, орта мектеп-интернатында тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдерге Шымкент қалалық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдәулет Абдрахманов өз есебінен 10 дана кілем төсеніш хадия етті. Оның жалпы құны 150 мың теңгені құрайды.
Айта кету керек, аталмыш оқу орында жағдайы төмен, жартылай жетім, аз қамтылған отбасылардың 146 балалары жатып оқып, тәлім-тәрбие алуда.
Аталмыш оқу орының меңгерушісі міндетін атқарушы Өскенбаева Ақнұр ханым Шымкент қалалық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің Бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлына өзінің алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Алла ниеттеріңізді қабыл етсін.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.07.2016
3249
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру