Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Балалардың қуанышы

07.07.2016 3552 0 пікір

ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі, «Орал облыстық орталық мешіті» қасиетті Рамазан айы келгелі біршама қайырымдылық шараларын күшейтіп, балғын сәбилерге қол ұшын созып, қажетіне орай,  жақсылық жасауға атсалысып келеді.

Айт мерекесіне орай,  «Орал» қалалық саябақта «Балалар қуанышы» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Алдымен Орал орталық мешітінің найб имамы Марат Асанов сөз алып, барлық жиналған сәбилерді айт мерекесімен құттықтады.

Одан кейін балаларға арналған әндер айтылып, сахналық  көріністер қойылып, баршасы бірге би биледі.

Қайырымдылық пен имандылықтың егіз ұғым екенін ұғынған мешіт имамдары мен ұстаздары  қаламыздағы жетім  балалар  мен жасөспірімдерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап,  балмұздақтарды тегін  таратты.

Қазақтың киіз үйі тігіліп, жетім балаларға арнап  ақ дастархан жайылды. Балалардың барлығы мәре-сәре болып оралды.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

DSC_0201

DSC_0239

DSC_0246

DSC_0269

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру