Жаратқанның қалауымен бір ай бойы Ораза тұтып, Ораза айт мерекесіне де жеттік. Кеше барша қазақстандық мұсылмандар 29 күн Оразаны тәмамдап, өзара «Ораза айт қабыл болсын!» айтып,
Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы барлық қала жұртшылығын мұсылман әлемінің қастерлі мерекесі Ораза айт мейрамымен құттықтап: «Қасиетті Рамазан айы аяқталғанын білдіретін бұл мереке – Исламның ғасырлардан бергі игі дәстүрінің, оның маңызды рухани құндылығы болған кең пейілдің, жақсылық пен мейірімділіктің көрінісі. Қасиетті Ораза айт мерекесі арамыздағы ынтымағымызды нығайтып, шаңырағымызға бейбітшілік пен мол игілік, береке әкелсін! Ынтымағымызды нығайта отырып, біз қоғамдағы ұлттық мәдени және рухани алуандылықты сақтауға, азаматтар арасындағы өзара құрмет пен сенімнің нығаюына одан әрі ықпал етуіміз қажет», – деді және ары қарай сөзін Ораза айт мейрамының қасиеті, маңызы және адамгершілік, бірлік тақырыбындағы уағызымен жалғастырды. Қасиетті Ораза айт намазына Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлы арнайы қатысып Семей жұртшылығын Қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтады. Ермак Бидахметұлы өз сөзінде Ораза айт мерекесінің басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам мұсылман қауымы үшін маңызды Рамазан айының аяқталуын білдіреді. Осынау қасиетті күнде мен баршаңызға рухани келісім, табыс, зор денсаулық, бақ-береке тілеймін. Қасиетті Ораза айт мерекесі қоғамымыздағы өзара түсіністік пен достықты одан әрі нығайта берсін! Тамаша уағыз-насихат пен құттықтаулардан кейін жамағат ораза айт намазын оқу үшін сапқа тұрды.
«Қос мұнаралы» орталық мешіті биылғы Ораза айт мейрамы құрметіне орай, өкіл имамның қолдауымен тегін такси көлігін ұйымдастырды. Қала тұрғындары үшін бұл тамаша жәрдем және қолдау болды.
Осы қасиетті айт мерекесінде барша мұсылман қауымға амандық-саулық және ауыз біршілік тілейміз. Әмин!
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.07.2016
3081
0 пікір

























+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру