Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Халық «Ораза айт» мерекесін мешіттен бастады (ТАРАЗ)

05.07.2016 3312 0 пікір

Ұлық Рамазан айы аяқталған соң айт мерекесі айт намазымен басталатыны баршаға мәлім. Бұл турасында Абу Са`ид әл-Худри: “Ораза Айт пен Құрбан Айт күндері Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әрдайым намаз орындалатын жерге шығатын еді. Әрі оның ең бірінші болып бастайтын нәрсесі намаз болатын; ал ол аяқталған соң ол қатарласып отырған адамдардың алдына тұрып, оларға уағыз айтып, өсиеттері мен әмірлерін беретін”, - деген.

Бүгін Жамбыл жұртшылығы күн нұр кірпігін қаққан сәттен бастап Алла үйіне жиналды. Мұсылмандардың екі ұлыс мерекесінің бірі – Ораза айт мерекесін мешіттен бастаған жамағат қуанысып көрісіп, мұсылмандықтың көркем үлгісін көрсетті.

Өз делегациясымен келген Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев халыққа құттықтау сөзін жеткізді. Құран даусымен көпшілік бірлікке ұйып, айт намазын оқыды. Ал ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев Рамазан айымен қоштасу, айт намазы мен оның қадір-қасиеті туралы сүбелі уағыз жүргізді.

Айт намазы аяқталған соң жамағат мешіт алдына жайылған дастарханнан дәм татып, айт мейрамын ұлықтап,  айтшылауға кірісті.

 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.   

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру