Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Айт намазы оқылды

05.07.2016 3169 0 пікір

Ораза ұстап, тарауық намазын оқып, пітір, садақамызды беретін қасиетті Рамазан айы да аяқталды. Алла Тағаланың рахымы мен мейіріміне, кешірімі мен шарапатына толы бұл аймен қоштасарда көңілде қимастық сезімі ұялайды.

Алайда қасиетті айдың артынша Айт мерекесі де келіп, дүние мен ақыреттің ғажап құндылықтарын сездіріп, жүрегімізді ерекше рақатқа кенелтеді. Бұл мереке бір айлық оразадан кейінгі жалпы халықтық ауыз ашар іспеттес. Кей ғалымдардың бұл айтты “Ифтар” (ауыз ашар) айты” деп атауы да тектен тек емес. Айт намазы дiнiмiздiң ұраны болғандықтан, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмiрiнде оны бiр рет те қалдырмай оқыған. Ислам кез келген мерекенiң ғибадаттармен өткерiлуiн құптайды.

Осыған орай, облыстық орталық мешітте Айт намазы оқылды. Мешітке жамағат көп жиналды.  Облыстық орталық мешітінің найб имамы Бауыржан Убалханұлы "Айт" турасында уағыз айтып, көпшілік ықыласына бөленді. Жиналған жамағат алдында сөз алған облыс әкімі Алтай Сейдірұлы, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы  Руслан Тыныштықұлы Рамазан айының аяқталуымен және Айт мерекесінің басталуымен құттықтады.

Айт намазынан кейін облыстық орталық мешітінің  "Ақсақалдар" алқасының мүшесі Амангелді Абдрахманов  дұға жасап, айт мерекесіне арнап, арнайы дастархан жайды.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру