
Алматы жұрты жылдағы үрдіс бойынша бүгін айт намазын оқу үшін таң сәріден мешіттерге ағылды. Айт намазын оқумен басталатын осынау қасиетті мереке Алматы орталық мешітінен "Асыл арна" телеарнасы арқылы елімізге тікелей эфир арқылы көрсетілді. Мешітке келген жамағат Құран тыңдап, уағыз-насиxат естіп руxани азық алды. Телеарна арқылы Бас мүфти сәлемін мұсылман жұртшылыққа жеткізе отырып, Ораза айт мерекесімен құттықтаған қаламыздың Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбетпен бірге бүкіл жамағат намаз соңынан Жаратқан Жаббар Иеге жалбарынып, еліміздің амандығын, заман тыныштығын сұрап, дұға тіледі.
Қасиетті айт мерекесі қаламыздың бірқатар мешіттерінде, сондай-ақ, орталық мешіттің ұйымдастыруымен «MAXIMA» сауда орталығының ауласында мерекелік шараға ұласып, жалғасын таппақ.
Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.07.2016
3694
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру