Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ (ФОТО)

05.07.2016 3878 0 пікір

Күллі мұсылман қауымы сағына күткен қасиетті Рамазан айы да аяқталды. Бүгін еліміздің барлық мешіттерінде Ораза айт  намазы оқылды. Таң қылаң берісімен құлшылық ордаларына қарай ағылған халықтың қарасы жылдан-жылға артып келе жатқаны байқалады.

Астана қаласындағы алып құлшылық ордасы – «Әзірет Сұлтан» мешітіне келген жамағат іші тұрмақ, сыртқы ауласынан әрең орын тауып, сап түзеді. Ерте келген жамағат «Әзірет Сұлтан» мешітінің азаншысы, қари Ерлан Базарбайұлының оқыған Құранын тыңдап, қасиетті мерекенің қадірін арттыра түсті. Бұдан соң мешіт мінберіне көтерілген «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы жамағатқа қасиетті Рамазан айы мен Ораза айт мерекесі жайлы уағыз айтып, керекті кеңестермен бөлісті. Айт намазының оқылу үлгісін үйретті.

Мұсылман қауымының ұлық мерекесі осылайша Астана қаласы бойынша сағат 06.30-да оқылған айт намазымен басталды. Жылдағы үрдіс бойынша мешіт ауласында айтшылап келушілерге арналып қазақ үй тігіліп, мерекелік бағдарламалар дайындалған. Бүгін бесін намазынан соң мешіт ауласында ұлттық спорт сайыстары ұйымдастырылатын болады. Жеңімпаздарға ақшалай жүлде беріледі.  Ораза айт мейрамы қабыл болсын!

 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру