Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Рамазан айында қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру жөнінде үндеу жасаған болатын. Соған орай, Талдықорған қаласындағы орталық «Иман» мешітінде Ораза айт мерекесіне арналып, «Айттық дастарханы» атты акция ұйымдастырылды.
Қайырымдылық акциясында тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі 250 отбасыға азық-түлікпен қайырымдылық көрсетілді. Акция барасында жиналған жұртқа сұрақ-жауап сайысы өткзіліп, бағалы сыйлықтар таратылды. Жарапазан жаршылары да шетте қалмай, жұрттың қоңілін жырлармен көтерді.
Мүмкіндігі шектеулі мұсылман бауырымызға мешіт атынан арба сыйланып, қуанған жұрт көзжасын тыя алмады. Гір көтеруден әлем чемпионы болған Машаев Елубай ағамыз да айттық акциясынан шет қалмай, өкіл имам қолынан қаржылай сыйлық алды.
Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.07.2016
3371
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру