Қайырымдылық шараларының қара шаңырағы атанған «Әзірет Сұлтан» мешіті қасиетті Ораза айт қарсаңында Астана қаласындағы мұқтаж жандарға сыйлық жасады. Жыл сайынғы үрдіс бойынша, «Айттық бізден болсын!» акциясы аясында алдын ала жасалған тізім бойынша тұрмысы төмен 150 отбасыға айттық сөмкелері таратылды.
Күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік түрлері мен балдырғандар үшін мереке шуағын сезіндіру мақсатында тәттілер салынған сөмкелерді салтанатты шара барысында «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы өзі табыстады. Жиналған жандарға Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы айтып өткен Серікбай қажы ұлық мереке – Ораза айт мейрамымен құттықтап, ақ тілегін жеткізді.

















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.07.2016
3695
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру