Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағандыда Бас муфти атынан ауызашар берілді

04.07.2016 3267 0 пікір

Кеше Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің атынан жамағатқа «Берекелі Рамазан» атты дастархан жайылып,  200-ден астам адамға ауызашар берілді.

Ауызашарды Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа ашып берді. Өмірзақ қажы Қазкенұлы өз сөзінде жамағатқа қасиетті Рамазан айының аяқталуына санаулы ғана күндер қалғанын айтып, «Біз бұл Рамазанда қандай игі істер атқардық?  Не істедік? Нені істеп үлгермедік?» деген секілді сауалдар қойып, берекелі Рамазан айында мешітте атқарылған іс-шаралар туралы қорытындылап айтып өтті.

Ауызашар соңында қари Құран оқып, жамағат ел мен жердің амандығын тілеп дұға жасады.

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру