Естеріңізде болса, мамыр айында «Таугүл-3» мешіті қасиетті Рамазанның құрметіне орай, Алматы қаласының тұрғындарына арнап «Рамазан – нұр шашқан ай» атты шығармашылық бәйгесін жариялаған еді. Осы бәйгенің қортындысы Қадір түні қарсаңында жасалып, жүлдегерлер марапатталды. Қала бойынша келіп түскен елуге тарта мақаланың ішінен суырылып шығып, үздік деп танылған бес мақалаға жүлде табыс етілді. Жүлдесі үшін умра қажылық белгіленген I-орынды Сматуллаева Айгерім Хайруллақызы жеңіп алса, II-орын Алғадай Әбілғазыұлына бұйырды. Ал, бәйге жарияланған кезде, III-орын бір адамға беріледі деп белгіленген еді. Алайда, қаламгерлердің қарымына қарап, бір-бірінен қалыспайтын мақала авторларының сағын сындырмау мақсатында, әділдік үшін Жабаев Багдат Турсынулы, Қызырғазы Тоқтар, Сатыбалды Ерлан сияқты үш адамға бірдей III-орын жүлдесі берілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.07.2016
3173
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру