ҚМДБ Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет қасиетті ай қарсаңында қаламыздағы бірқатар мешіттерді аралап, тыныс тіршілігімен танысып, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетті.
Рамазан айының құрметіне Алатау ауданы «Мырзахмет» мешітінің Бас имамы Иртураров Подихахар бастаған мешіт ұжымы 150 отбасыға көмек берді. Шара барысында жағдайы төмен отбасыларға бір айлық азық-түлік үлестірілді.
Сонымен қатар, бүгін ҚМДБ Зекет қорымен Алматы Орталық мешіті 100-ге жуық отбасыға жағдайларына қарай отырып, 10 мың теңгеден 200 мың теңгеге дейінге көлемінде қаржылай қайрымдылық жасады. Алматы қаласы мешіттері Рамазан айы қарсаңында 5 мыңға жуық отбасыға түрлі деңгейде қайрымдылық көмек көрсетті.
Құранда Алла Тағала: «Раббым қалаған адамының ризығын арттырады, (қалаған адамның ризығын) тапшы қылады. (Алла жолында) берген нәпақаларыңның есесін Алла толтырады. Ол – ризық берушілердің ең жақсысы» деп айт», - делінген.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.07.2016
3766
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру