Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Омар ибн әл-Хаттаб мешітінде 515 адамға қайырымдылық жасалды

04.07.2016 3404 0 пікір

Алматы қаласының Омар ибн әл-Хаттаб мешіті Қадір түніне орай, «Рамазан сыйы» деп аталатын қайырымдылық шарасын өткізді. Омар ибн әл-Хаттаб мешітінің бас имамы Асан Тілеубердиевтің бастамасымен қаладағы мұқтаж жандар мен «Перзент» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жалпы саны 515 кісіге ауызашар дастарханы жайылып, сыйлықтар таратылды.

Бас имам Асан Тілеубердиев қайырымдылық іс-шаралары жамағаттың бірлігі мен ынтымағын арттыру, қоғамды игілікке шақыру мақсатында ұйымдастырылғанын атап өтті.

«Рамазан – жақындасу мен рухани түлеудің, ынтымақ пен бірліктің мерекесі. Ол адами қасиеттерді ардақтап, адам құқығын аяққа таптамай, оны асқақ ұстауды насихаттап, рухани тазаруға, адамгершілікті ұлықтауға, мейірімділікке, біріне-бірі қайырымдылық жасауға шақырады, бауырмалдыққа және бірлікке бастайды. Бүгінгі шарамызда осы мақсатта ұйымдастырылып отыр», – деді Асан Тілеубердиев.

Шара барысында, «Перзент» балалар үйінің 30 тәрбиеленушілеріне спорттық киімдер мен кроссовкалар беріліп, 15 отбасына азық-түлікпен көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, Қадір түні Құран Хатым ету аяқталып, игі тілектер айтылып, дұға жасалды.

Омар ибн аль Хаттаб мешітінің баспасөз қзыметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру