Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов қасиетті Рамазан айының Қадір түні қарсаңында облыстық «Орал» орталық мешітінде ауызашар берді. Ауызашарға Орал қаласының құрметті азаматтары, аталар мен әжелер, жалынды жастар, балғын балалар, мешіт жамағаты т.б. барлығы 800 адам қатысты.
Дастархан басында облыс әкімі Алтай Селдірұлы көпшілікті сағына күткен қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтап: «Рақым айы – Рамазан құтты болсын! Қасиетті айда ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болғай! Алла Тағала отбасымызға амандық, жұмысымызға береке-бірлік нәсіп еткей! Тәуелсіздігіміз баянды, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!», - деп лебізін айтса, ҚМДБ-ның өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы ата-бабалар рухына Құран бағыштап, Алла Тағаладан елімізге береке, Отанымызға тыныштық тілеп дұға жасады.
Алла Тағаланың парыз еткен оразасын ұстап жүрген мұсылмандар "Қадір" кешінде ауызашар дастарханнан дәм татып жатқан сәттерде өкіл имам Руслан Тыныштықұлы, «Орал" орталық мешітінің Бауыржан Убалханұлы Рамазан айының қасиеті, қадір түні, ораза тұтудың парыз екендігі, оразаның екі дүниедегі пайдасы туралы уағыз-насихаттар айтса, облысымыздың ақсақалдар алқасының мүшелері Қайырлы Баесов, Амангелді Абдрахманов, Ғұмар Құрақов қатарлы ел қариялары Рамазан айы мерекесімен құттықтап, жиналған қауымды береке-бірлікке шақырды. Түрік елінен келген Аслан Мұрат қариға облыс имамы иығына шапан жапты. Алғашқы рет қасиетті рамазан айында бастаған әйелдер жамағатынан Құран-хатымды бітіріп, түрік елінен келген қари дұғасын жасады.
Орталық мешітінің жанынан мектеп оқушыларына жазғы сауат ашу курсында "Құран жарысында" үздік шыққан Наурызғалиева Назеркеге, Қанатова Айшаға ҚМДБ-ның бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтановтың арнайы дипломы мен бағалы сыйлықтарын табыстады.
Ауызашар соңында да Құран оқылып, ел тыныштығы үшін дұға жасалды. Облыс әкімі жамағатпен тарауық намазын бірге оқып, жиналған жамағатқа сәресі беріп, таң намазынан кейін қуанышты көңіл-күймен тарасты.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.07.2016
3449
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру