Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орыс жігіт ислам дінін қабылдады

04.07.2016 4336 0 пікір

 

Қызылорда қалалық "Айтбай" мешітіне 1997 жылы туылған Владик есімді қала тұрғыны келіп, Ислам дінін қабылдауға ниеті бар екенін жеткізді. 
Мешіттің баспасөз қызметі хабарлағандай, алдымен Ислам дінінің мән-маңызына тоқталған мешіттің наиб имамы Қайырбек Отызбаев әлемді бейбітшілікке, мейірімділікке үндейтін Ислам - Алланың ақиқат жолы екенін түсіндірді. Және Ислам дініне бет бұрған кез келген жан Оған күшпен емес, өзінің ақыл-парасатымен, терең пайымымен түсіне қабылдайтындығын тарихи деректермен айтып жеткізді. Оған мысал ретінде дүниенің танымал спортшылары (Мұхаммед Әли, Тайсон), өнер иелері мен ғылым адамдарын атады. 
 
Мұнан кейін Владик өзінің ерік-қалауымен мұсылманшылыққа бет бұруға әзір екенін білдіріп, Исламның алғы шарты болған кәлимаға тілін келтірді. Мешіт атынан оған бірнеше құнды кітаптар табысталып, бата жасалды.
Дереккөз: kyzylorda.gov.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру