Қасиетті Рамазан айында Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың арнайы берген ауызашарына облыс көлеміндегі барлық сала қызметкерлері қатысты.
Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы жиналған қауымды Рамазан айымен құттықтап, оразаның қадыр қасиеті туралы уағыз айтты.
Аллаға шүкір, облыс көлемінде ораза ұстаушылар қатары көбейумен қоса, барлық қала, аудан, тіпті ауылдарда да мешіт жанынан шатырлар қондырылып, ауызашарлар көптеп берілуде. Бұл да бір қуантатын жайт екені тағы белгілі. Ұстаған оразаларымызды Алла қабыл еткей!
Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.07.2016
3218
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру