Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Халифа Алтай» мешітіндегі Қадір түні

03.07.2016 3539 0 пікір

Қасиетті Қадір түні Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде бірлікпен аталып өтілді.

Жұлдыз жамырай шаһар халқы Өскеменнің сәулетіне сән қосып тұрған Ертіс жағалауындағы еңселі мешітті бетке алды.  

5000 орынды облыстық «Халифа Алтай» мешітінде қасиетті Қадір түнінде тілек тілеп, құлшылық жасауға келгенде жамағаттың қарасы қалың болды. Орын тимегендер мешіт сыртында құлшылық жасады.

 Салауатты айдың сауабынан алғысы келген Алладан жақсы тілектер тілеп, тарауых намазын оқып, тұщымды уағыз тыңдады.

Мешітте бір ай бойы Құран оқып аударған Түркиядан келген қари Ирфан Челепколуға ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы алғыс айтып, қазақ салтымен иығына шапан жапты. Қариға мешітке жиналған жамағатта алғыстарын білдірді.

Қадір түнінде жамағат арасында ардақты пайғамбарымыздың өмірінен және қасиетті Құран жайлы сұрақтар қойылып, білім сайысы ұйымдастырылды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 Сонымен бірге Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті ақындар арасында «Бағытым-Ислам, Бақытым -Тәуелсіздік» атты республикалық жыр мүшайрасын жариялаған болатын. Осы бәйгеге келіп түскен таңдаулы жүлдеге лайықты белігілі ақындардың өлеңдерін көркем сөз оқудың республикалық бірнеше реткі сайыстарының жүлдегері Ғылымхал Манай жамағатқа әсерлі түрде оқып берді.

Соңынан елімізге амандық, жұртымызға бейбітшілік тілеп дұға жасалды.

Мешіттен 2000 жамағатқа ауызашар және сәресі берілді. Осылайша қадір түні берекелі өтті.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру