
Қасиетті Рамазан айында Құран-Кәрімді қатым етудің жөні бір бөлек екені белгілі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен Түркия діни істер басқармасының арасындағы келісім-шарт бойынша Қасиетті Рамазан айында Семей қаласындағы Қос мұнаралы орталық мешітінде бір ай бойы тарауық намазында Құранды бастан аяқ оқып, хатым еткен Ахмет Ертан бауырымызға жамағат Алла разы болсын! – деп ризашылығын айтып қазақи дәстүр бойынша құтты қонағымыздың иығына шапан жапты. 114 сүре, 6666 аяттан болған сауапты, Алла Тағаладан қабыл болуын тілеп дұға қылған, өкіл имам Мақсат Қуанышұлы, еліміздің іргесі аман болуын, тыныштығымыз тұрақты болуын, береке-бірлігіміз жарасып, қуаттана беруді нәсіп етсін деп, Алла Тағала әр түрлі табиғи апаттардан, қауіп-қатерлерден сақтасын деп дұға етті. Дініміз тұрғысында 30 пара Құран аударылған жерде береке болады деген. Осы мақсатта әр облысқа қарилардың келуін қамтамасыз етіп отырған, дінбасы Ержан Малғажыұлы хазіретке жамағат алғыстарын білдірді.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.07.2016
3248
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру