Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семейде өткен қадір түні

03.07.2016 3318 0 пікір

Семей қаласындағы Қос мұнаралы орталық мешітінде қасиетті Қадір түнін қарсы алу мақсатында халық көп жиналды. Жиналған жамағат Қос мұнаралы орталық мешіт жанындағы хатымханада қала әкімі Ермак Бидахметұлы ауызашар беріп келген жамағат жайылған дастарқаннан ауыз ашты.  Бұл түні Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы жиналған жамағатқа «Қадір түні – ең жақсы түн. Алла Тағала оны берекелі етті, онда Құранды түсіріп, басқа түндерден ерекшеледі. Сондай-ақ, ол түнді мың айдан да артық етті. Ал мың ай сексен үш жылға тең келеді. Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Алла Тағала Қадір түнін менің үмметіме сыйлық етіп берген. Мұндай нығмет бұрынғы үмметке бұйырмаған», – деп Сіз бен бізге сүйінші хабар айтып, шаттыққа бөлеген. Алла Тағала бір ай бойы ұстаған оразаларымыз бен Қадір түнінде жасаған дұғаларымызды, тілектерімізді қабыл еткей. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай. Әрбір отбасына бақыт, береке тілеймін», -деп бата жасады.  Қадір түнінде қаламыздың кәсіпкерлері келген жамағатқа тегін сусындар таратылды.

Өкіл имам бастатқан қала имамдары қаламыздағы жылдағы дәстүр бойынша Қадір түнінің маңыздылығынын айтып ТВК-6 теле арнасында тікелей эфирден көрсетілді.

Алла Тағала елімізге тыныштық, береке, отбасымызға амандық берсін! Әмин!

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру