Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының нұсқаулығына сәйкес Бас имам Нұрбек қажы Есмағанбет қала бойынша мешіттерде Рамазан айында қайырымдылық шаралары өтуіне көңіл бөлуде. Соның бірі бүгін Алматы қаласы, Жетісу ауданындағы «Әл-Мәдина» мешітінде өтті. Жетісу ауданының Бас имамы Бақытжан Жаңбырбайұлы тұрмыс-тіршілігі төмен жергілікті 60 отбасына азық-түлікпен көмек көрсетті.
Ислам дініндегі басты құндылықтардың бірі - қайырымдылық. Құран Кәрімде: «Шамаларың келгенше Алладан именіңдер. Оның әміріне бойұсыныңдар, Алла жолында мал-мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы. Кімде-кім нәпсі сараңдығынан сақтанса, ол мақсатына жетуші. Егер Аллаға көркем түрде қарыз берсеңдер (садақа берсеңдер), Алла оның сауабын еселеп қайтарады. Сендерді жарылқайды. Алла береген, кеңпейіл, кешірімді. Ол құпияны да, әшкерені де білуші. Ол аса үстем хикмет иесі» («Тағабұн» сүресі, 16-18-аяттар),- дейді.
Халық арасында:
-Өзін ғана ойлаған, Жамандықтың белгісі
Өзгені де ойлаған, Адамдықтың белгісі,- деген қанатты сөз бар.
Осы қағидаттарды өзіне арқау еткен мешіт қызметкерлері дәстүрге айналған үрдіспен Рамазан айында қайырымдылық ісін ең алғашқы кезекке қойып келеді. Алла жасалған ізгі амалдарды қабыл қылсын!
Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.07.2016
3675
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру