Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ОРАЗА АЙТ ҚАРСАҢЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАЛДЫ

02.07.2016 3586 0 пікір

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша Зекет корпоративтік қоры мен «Mutlu» компаниясы бірлесе отырып, маусым айының 29-шы жұлдызында Қарағанды облыстық орталық мешітінде жағдайы төмен, көп балалы  отбасыларды азық-түлікпен қамту акциясын ұйымдастырды. 20 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетіліп, қасиетті айда мұқтаж жандарды бір қуантып тастады. 

Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Ораза айт мейрамы қарсаңында ұйымдастырылған мұндай игі істер әлі де жалғасын табатындығын айтып өтті.

Қарағанды облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру