Маңғыстау облысы бойынша барлық мешіттерде 1-30 маусым аралығында жазғы діни сауат ашу курстары жұмыс жасап, мектеп жасындағы балалардың сауатын ашып, әріп тануына мүмкіндік жасалды. Балалар Исламның 5 парызын, иманның 7 шартымен қатар әдептілік ережелерін үйреніп, көпшілігі Құран оқуды меңгерді.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінде сауат ашуға келген 70 қыз бала бір айлық курстан кейін өзара сайысқа түсіп, алған білімдері бойынша көпшіліктің алдында топ болып, жарысты. Биылғы сауат ашу курсында қыз балаларға дәріс беріп, ұстаздық еткен "Нұр-Мүбарак" университетінің шәкірттері. Олар Оразбай Ақмарал, Болат Майра мен Смагул Асем өте жақсы жұмыс жасап, үлкен еңбек етті. Келген қыз балаларға тиісінше тәлім беріп, университет қабырғасында алған білімдерін барынша іс жүзінде көрсете білді.
1 айлық курсты тамамдаған балдырғандарға арнайы сертификат беріліп, барлығына сыйлықтар үлестірілді.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз қызметі














ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.07.2016
3381
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру