Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұқтаждарға қайырымдылық көмек көрсетілді (ФОТО)

02.07.2016 3673 0 пікір

Семей аймағы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айында жағдайы төмен және мүмкіндігі шектеулі 100 отбасыларға қаржылай көмек көрсетілді. 

Хадис-шарифте: «Рақымдылық танытқанға Рахман (аса Рақымды) Хақ Тағала рақымдылық көрсетеді. Жер жүзіндегілерге рақымдылық танытсаңдар, көк жүзіндегілер де сендерге рақымдылық танытады», - деген. 

Қандай болсын жағдайға тап болса да жүздерінен жадыраған нұр үзілмейтін мерейлі жандар мешітке шынайы алғысын айтып тарқасты. Сондай-ақ, көмек сұраған адамға қайырымдылық қолын созып, жағдайы төмен отбасылардың қажеттілігіне бей-жай қарамайтын Семей аймағы бұл бағыттағы жұмысын Рамазан айында әр өңірдегі мешіттерде өз жалғасын табатын болады.

Семей Қос мұнаралы орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру