Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Қайырымдылық – адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. «Кең болсаң – кем болмайсың», - дейді халық.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!» – деп өсиет еткен.
Бүгін 83 жылдан қайырлы қасиетті Қадір түніне орай, қайырымдылық науқаны өтті. Аталмыш науқанда әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, мұқтаж жандарға ет үлестірілді. Бұл іс-шарада 150 отбасыға көмек көрсетілді. Науқан барысында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев көпшілікке ораза айы туралы және Қадір түні туралы сүбелі сөз сөйледі.
Қайырымдылық нысаны болған жанұялар қасиетті Қадір түніне арналған қайырымды іс-шара үшін мешіт әкімшілігіне алғыстарын білдірді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.07.2016
3256
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру