Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфтидің атынан ауызашар берілді

01.07.2016 3321 0 пікір

Таяуда Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің ұйымдастыруымен Алтынсарин, Таран және Федоров аудандарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің атынан ауызашар берілді.

Осынау ауызашар рәсіміне облыс имамы Бахытбек Тәжімбет қатысып, Рамазан айының ерекшелігі мен қадір-қасиеті жайында уағыз-насихат айтты.  Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Алла Тағала ең болмаса бір түйір құрма, тіпті бір ұрттам сумен болса да қамқорлық жасағанға сауап жазады…» – деген. Сондықтан осы қасиетті айда кімде-кім мүмкіндігінше жақсылық жасайтын болса, Алла Тағала тарапынан сауапқа молынан кенелетінін сөзге тиек етті.

Сондай-ақ, Бахытбек Нұрғабылұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен қазіргі таңда Ислам дінін өркендету, қалың жұртшылықты имандылыққа баулу, үлкенді-кішілі қауымды теріс ағымдардан сақтандыру мақсатында атқарып жатқан жұмыстарына да кеңінен тоқталды.

Ауызашарға қатысқан жамағат муфти хазіреттің атынан берілген ауызашарға шынайы ризашылықтарын білдірді. Оған жауапты да абыройлы қызметінде табыс, деніне саулық тіледі.

 

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру