М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай, «Иманды жас - ұлт кепілі!» атты рухани кеш өтті. Шараны ұйымдастырған Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық Партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақ жол - жастар» жастар қанаты мен Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығы. Жастардың имандылықты дәріптейтін қадамдарына тілеулес болған Маңғыстау облыстық орталық мешіті қызметкерлері сауапты іске қолдау білдірді.
Шараға облыстық, қалалық әкімдігінің қызметкерлері, Маңғыстау облыстық дін істері басқармасы, өкіл имам С.Сейтбеков және жергілікті ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар қатысты.
Алдымен, Қасиетті Рамазан айына арналған деректі фильм көрсетіліп, онан соң, Маңғыстау облыстық орталық мешітінің бас имамы С. Сейітбеков ұлық айдың нығметтерін айта келіп, сауапқа толы мүбәрак айды ерекше құлшылықпен өткізуге шақырып, сөз сөйледі. Тағылымға толы кеште жастар ғибратты термелер орындап, өлеңдер оқыды. «Ақ жол- жастар» жастар қанаты «Шын дос» атты сахналық қойылымын сахналады.
Ғибратқа толы рухани кешке келген қонақтар зор әсер алып тарасты.
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.07.2016
3414
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру