Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жаркент қаласында Бас мүфти атынан ауызашар берілді

01.07.2016 3325 0 пікір

Панфилов ауданы Жаркент қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің атынан дастархан жайылып, ауданның кәсіпкерлерімен ақсақалдары және зиялы қауымына ауызашар берілді.

Ауызашарда ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы С. Ахмадиев имандылық, адамгершілік хақында салиқалы әңгімелер айтып, Ораза айының қадір-қасиеті, ауызашар, пітір-садақа берудің маңызы мен сауабы туралы ойларды ортаға тастады.

Ақсақалдар өз атынан діни басқарма өкілдеріне ризашылығын білдіріп, баталарын беріп, елімізге тыныштық, жұртымызға амандық тіледі.

 

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі

бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру