Алаштың рухани астанасындағы Бір мұнаралы «Ағаш» мешітінде он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айында асыл дінімізді насихаттап жүрген БАҚ өкілдеріне және жауһар жырларына Исламның баға жетпес құндылықтарын арқау еткен ақындарға, зиялы қауым өкілдеріне, дін жанашырларына ауызашар берілді.
Мерекелі айда берекелі дастарханға жиналған қауымға мешіттің бас имамы Аллаберген қажы Смағұлтегі Рамазанның артықшылығы туралы тағылымды уағыз айтып, шақырылған қонақтарға шынайы алғысын білдіріп, жүрекжарды лебізін жеткізді.
Берекелі дастарханның құрметті қонағы «Семей мұсылман әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлжиһан қажы Жұматаева ел бірлігін сақтауда дініміздің ролі зор екенін, қасиетті айдағы игі амалдар адамдардың бір-біріне деген бауырмалдылығын арттыра түскенін жеткізді. Құлшылық үйіне келген жандар рухани азық болатын, әсерлі уағыздан тыңдап, келесі Рамазан айын отбасымызбен, отандастарымызбен көруге Жаратушы Иеміз нәсіп етсін деген тілекпен тарқасты.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.06.2016
3391
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру