Талдықорған өңірі Панфилов ауданы Жаркент қаласында Алматы облыстық дін істер басқармасының ұйымдастыруымен «Діни сауаттылықты арттыру – заманның басты талабы» атты облыстық семинар болып өтті. Семинарға ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы С. Ахмадиев, Алматы облыстық дін істер басқармасының басшысы Р. Есдаулетов және Панфилов ауданының имам-молдалары қастысты.
Семинарға сөз алған өкіл имам С. Ахмадиев білім алу - әрбір мұсылманның міндет-парызы, имамның діни біліммен қатар заманауи ғылымдарды меңгеру заманның талабы екеніне тоқталып кетті.
Алматы облыстық дін істер басқармасының басшысы Р. Есдаулетов өз сөзінде діни тұлғалардың терроризм мен экстремизмге қарсы күрестегі маңызды рөліне тоқтала кетті.
Семинардан соң өкіл имам Жаркент мешітінің құрылысымен танысты. Мешіт атынан мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, аудан имамдарымен жиын өткізді. Имамдарға нақты тапсырмалар берілді. Одан кейін өкіл имам жұма намазына қатысып, жиналған жамағатқа Исламның ауызбіршілігі және түрлі діни ағымдардың зардабы туралы әсерлі уағызын айтты.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі
бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.06.2016
3414
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру