
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті қасиетті Рамазан айы келгелі біршама қайырымдылық шараларын күшейтіп, әр топтағы әлсіз жандарға қол ұшын созып, қажетіне орай, жақсылық жасауға тырысып келеді.
Қайырымдылық пен имандылықтың егіз ұғым екенін ұғынған мешіт қызметкерлері қаламыздағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, тәттілер тарту етті. Әрбір кезеңде уақыттарын көңілді өткізе бермейтін бұл санаттағы балаларға тәттілер мен балмұздақтар тарту етіліп, сыйлықтар жасалды.
Сонымен қатар, олар қаладағы «Жібек жолы» ойын-сауық орталығында болып, өздері қалаған ойын алаңында ойнап, қызықты сәттердің куәсі болды.
Аталмыш шараға кәсіпкерлер тартылып, оларға балалар мен олардың ата-аналары атынан ризашылық білдірілді.
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ақиқат байлық - мал-мүліктің көп болуы емес, ақиқат байлық - кеңпейілділік, қайырымдылық», «Қайырымдылық - жақсы қасиет», - деп атап кеткен.
Осындай жақсы қасиеттер мен сауапты амалдар әлі де өз жалғасын табары сөзсіз.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.06.2016
3403
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру