Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Кәсіпкерлер мен зиялы қауым өкілдеріне ауызашар берілді

30.06.2016 3991 0 пікір

Қасиетті Рамзан айына орай, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде зиялы қауым өкілдеріне ауызашар берілді.

ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігінің тапсырмасы аясында, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырхановтың ұйымдастыруымен «Алтын ғасыр» мейрамханасында елордалық зиялы қауым өкілдері мен кәсіпкер азаматтардың басын қосқан арнайы ауызашар дастарханы жайылды.

«Нұр-Астана» орталық мешітінің найб имамы Әділхан Серікбай ҚМДБ-ның найб мүфтиі, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Науызбай қажы Тағанұлының арнайы сәлемін жеткізді. Сонымен бірге, Рамазан айының ерекшелігі мен соңғы он күндіктің қадір-қасиеті жайлы тұщымды ойларымен бөлісті.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, профессор белгілі алаштанушы-ғалым Дихан Қамзабекұлы діни ахуалдармен бірге ғылыми ағартушылық саланының бір-бірімен етене байланысын және С.Ғылмани өмірінен өнегелі естеліктер айтты.

Сонымен қатар, ауызашарға белігі дінтанушы Қазыбек  Байсопы, Есімбет Қопабаев, Бауыржан Смайлов бастаған т.б. көптеген кәсіпкер азаматтар қатысты.

''sunna.kz'' Садуакас кажы Гылмани мешітінін ресми сайты

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру