Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти атынан қарттар үйіне ауызашар берілді

30.06.2016 3444 0 пікір

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің атынан Алматы облысы, Қарасай ауданы, Құмтоған ауылындағы қарттар үйіне ауызашар дастарханы жайылды.

Ауызашар қасиетті Құранның оқылуымен басталып, бата жасалынғаннан кейін,  өкіл имам Қуаныш Бақытбекұлы жиналған қауымға ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің сәлемін жеткізіп,  Қасиетті Рамазан айымен құттықтап, қарияларға «Рамазан ‒ мейірім айы» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Жиналған қарт-кейуана, ата-әжелерге  дастархан жайылып,  сый-сыяпат жасалынып, ауызашар асы берілді.

Алматы облыстық «Қарасай батыр»

мешітінің баспасөз  қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру