Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобы ел аумағындағы маңызды деген мешіттер мен қалаларда, түрлі мекемелерде кездесулер өткізіп келеді. Мақсат - жат ағымның алдын алу және дәстүрлі дінімізді сауатты түрде жеткізу. Осы орайда, РАНТ мүшесі Атырау облыстық Иманғали мешітінің найб имамы Қанат Жұмағұл Маңғыстау облысына 24-25 маусым күні, яғни 2 күндік арнайы іс-сапармен келді.
Алғашқы уағызын Маңғыстау облыстық орталық мешітінде бастаған Қанат Жұмағұл басым көпшілік кездесулерді Жаңаөзен қаласындағы 3 мешітте жалғастырды. Уағыз барысында ақида мен фиқһ мәселесіндегі өзекті тақырыптар айтылып, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Жамағаттар өте ризашылықпен уағызын тыңдап, көп мәлімет алғандықтан, келген уағызшы қонағымызға алғыстарын білдірді.
Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.06.2016
3249
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру