
Маусым айының 25-ші жұлдызында Қарағанды облыстық орталық мешітінің жазғы сауат ашу курсын тәмамдаған бүлдіршіндерге арнайы сертификат табысталды. Жылдағы дәстүр бойынша ұйымдастырылған жазғы оқу лагерінде мектеп жасындағы балаларға Ислам әдебі, иман негіздері, Құран әліппесі секілді пәндер жүргізіліп, Исламның алғы шарттарын үйретті. Мектеп оқушыларының жаз маусымын пайдалы өткізіп әрі Ислам діні жайлы таным көкжиегін кеңейту мақсатында өткен жазғы лагердің ең кішкентай шәкірті 5 жаста болса, ең үлкені 13 жаста. Жазғы сауат ашу курсы аясында мешітке келіп, сабақ алған қыз балалар мен ұлдардың жалпы саны 65–тен асты. Жас шәкірттерге Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Серік Амамбайұлы сертификат пен сыйлықтар табыстады.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.06.2016
3402
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру