ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Н.Исенов 28 маусым – баспасөз күні мерекесі қарсаңында өңірлік БАҚ журналистерін арнайы қабылдады. Кездесуге «Егемен Қазақстан» газетінің облысымыздағы тілшісі Фарида Бықай, облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі Тілеуберді Сахаба, облыстық «Халық радиосының» қазақ бөлімінің бас редакторы Раушан Сейітханқызы, облыс әкімінің баспасөз хатшысы Байкенов Азаматтар қатысып өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Өкіл имам ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігінің алдағы жоспарлары, асыл дінімізді дамыту-көркейту бағытында облысымызда атқарылып жатқан іс-шаралар туралы әңгімелесіп, осы қасиетті де сауапты іске тұрақты атсалысып қолдау көрсетіп жүретін журналистерге: «Сіздерді Қазақстан Журналистерінің кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп екендігін, әрі жекелеген адамдардың тағдыры да, қоғамның рухани ахуалы да адал, шынайы журналистік сөзге байланысты екенін жақсы түсінеміз. Салмақты сөздеріңіз бен салиқалы пікірлеріңіздің арқасында облыс жұртшылығына хақ дініміз жайлы сөздерімізді жеткізіп, маңызды міндеттерді шешуге зор үлес қосып келе жатқаныңыз үшін үлкен алғысымды білдіремін.
Қаламыңызға қасиетті тақырыптар ілінсін, ал сіздің әр сөзіңіз адамдарды жақсылық жасауға, жарық әлемді нұрландыруға жетелесін!
Кәсіби мерекеңізбен құттықтай отырып, шығармашылық еңбегіңізге шабыт, отбасыңызға амандық, зор денсаулық тілеймін. Әрдайым қаламыңыз жүрдек, ойыңыз сергек болып ел-жұртыңыздың сансыз алғыстарына бөлене беріңіздер», - деді.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.06.2016
3664
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру