
Шығыс Қазақстан облысы «Зайсан аудандық мешітінің» бас имамы Тимур Қайдарұлы бастаған Зайсан ауданының мешіт имамдары мен жамағаттары, жастар өкілдері Күршім ауданы Теректі ауылында салынып жатқан «Марқакөл» мешітіне асарға келді.
«Діни басқармадан қасиетті Рамазан айында қайырымдылық бағытындағы сауапты шараларды көбірек ұйымдастыруды міндет еткен болатын. Өкілдіктен берген арнайы тапсырмалардың негізінде осы мешіттің тезірек пайдаға берілуіне өз үлесімізді қосу үшін осы асарды қасиетті Рамазан айында әдейі ұйымдастырып отырмыз», - деп атап өтті Зайсан ауданыың бас имамы Тимур Қайдарұлы.
Асарға арнайы ат арытып келген жамағаттар мешіттің құрылыс жұмыстарына білек сыбана кірісті.
Күршім ауданы Теректі ауылына осы өлкеден шыққан кәсіпкер азаматтардың қолдауымен салынып жатқан осы мешіттінің ашылу рәсімі бұйырса алдағы ораза айт мейрамына жоспарланып отыр.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.06.2016
3730
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру