Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Құран - мәңгі мұғжиза» атты облыстық Құран сайысы өтті

29.06.2016 3467 0 пікір

Рамазан айы Сыр елінде тағы бір игілікті шарамен жалғасын тапты. Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен Жаңақорған ауданында «Құран-мәңгі мұғжиза» атты облыстық мәнерлеп Құран оқудан сайыс өтті.

Хадисте: “Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, басқаларға үйреткендерің” және “Кімде-кім Алланың Кітабынан бір әріп оқыса, оған жақсылық жазылып, ол жақсылық он есе көбейеді”, - делінген. 

Осындай ниетте Құранды жатқа оқып, бар ынтасымен дайындалған жасөспірім балалардың талпынысы қуантты.

Сайысқа қатысқан 40-қа жуық үміткерлерді арнайы құрылған әділ қазылар алқасы сараптады. Олар орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы, аталмыш мешіттің ұстазы Гаджиев Мұхтар, қари Абдухолик және қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы Керімбеков Нұржан Пірәліұлы.

Қасиетті Құранды жатқа оқып, мәнерлеп айтудан өткен сайысқа облыстың барлық аудандары мен қалалық мешіттерден жиналған шәкірттер қатысты.

Нәтижесінде Жаңақорған ауданының жас шәкірті Берік Асқарұлы І орынды иеленді.

Жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан бағалы әрі ақшалай сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру