Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тілшілерге жайылған дастархан

28.06.2016 4056 0 пікір

Талдықорғанда биылғы жылы шілденің шіліңгір ыстығына қабыса келген қасиетті Рамазан айында Талдықорған өңірлік мешіті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің атынан бірқатар журналистерге ауызашар берілді. Ораза ұстаған журналистер қауымының, әрине, игі қадамға Алла Тағаланың разылығы үшін барып, ниет қылғанын сезіну айтпаса да түсінікті.

Ауызашарда ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы С. Ахмадиев имандылық, адамгершілік, жастар тәрбиесі хақында салиқалы әңгімелер айтып, Ораза айының қадір-қасиеті, ауызашар, пітір-садақа берудің маңызы мен сауабы туралы ойларды ортаға тастады.

Ауызашар дастарханында ҚМБД-дан арнайы келген, «Халал өнімдерін стандарттау" бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев те қатысты.

Ауызашар асының соңында «Баракат» кафесі мен «Кишлак» мейрамханасына ҚМДБ атынан олардың халал стандартына сай болған қызметтеріне қатысты арнайы сертификаттар табыс етілді.

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі

бойынша баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру