Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ (ФОТО)

28.06.2016 3504 0 пікір

Кеше Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешіті елордалық журналисттер қауымына арнап ауызашар дастарханын жайды. Қасиетті Рамазан айына тұспа-тұс келген Журналистер қауымының төл мерекесіне орай ұйымдастырылған «Берекелі Рамазан»  дастарханынан  баспасөз саласының тізгінін ұстаған төртінші билік өкілдері дәм татып, ауыз ашты.

Ауызашар дастарханының алғы сөзі ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Оразға ұсынылды. Қасиетті Рамазан айының барша мұсылмандарға қабыл болуын тілеп, журналистер қауымын төл мерекесімен құттықтап өткен Серікбай қажы Сатыбалдыұлы шақырылған қонақтарға шынайы алғысын білдіріп, жүрекжарды лебізін жеткізді. Қарусыз майданның қаһармандарының мойнына артылған жүктің қаншалықты ауыр екендігін әсерлі мысалдармен жеткізе келіп, ел мен дін болашағы жолындағы жұмыстарына толағай табыс тіледі.

Кеш барысында асыл дініміздің насихаты жолында жемісті еңбек етіп келе жатқан журналистер де ескерусіз қалмады. Журналистер күніне орай ұйымдастырылған ауызашар дастарханы аясында дін тақырыбына қалам тербеп, тұщымды дүниелер ұсынып жүрген бір топ журналситерге ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы атынан арнайы «Алғыс хат» табысталып, сыйлық сөмкелерімен марапатталды.                                          

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру