Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Медресе түлектері диплом алды

28.06.2016 3684 0 пікір

Шын мәнінде білім – біздердің қателіктерімізді түзеуге, бағытымызды нақтылауға, білім иелерімен бәсекеге түсуге, ең бастысы Алладан шынайы қорқуға алып келеді.

Адамзаттың ұстазы болған Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) білім алуға байланысты көптеген хадистер айтып кеткен. Солардың бірі «Білімді бесіктен көрге дейін ізденіңдер» десе, тағы бір хадисте «Білім іздену барлық мұсылманға парыз» деген. Мұндай хадистерді ұғынған кез келген мұсылман үшін білім ізденуге қашанда құштары артары анық.

Бүгін «Һибатулла Тарази» медесесінің шәкірттері 3 жылдық оқуын аяқтап, дипломдарын қолдарына алып, маман атанды. 2016 жылғы түлектердің 2-і қызыл, 8-і көк дипломға қол жеткізді.

Студенттерге дипломды ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы, «Һибатулла Тарази» медресесінің директоры Данияр қажы Жұмабаев пен Мысырлық ұстаз Сулейман Саид табыстады. Медресенің екінші түлектері атанған шәкірттерге ұстаздар сәттілік тілеп, ілім деген аманатты жүктеді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру