Дін істері комитеті жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобының өкілдері Маңғыстау облысына арнайы іс-сапармен келіп, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізді. Басты мақсат – 2013-2017 жылдарға арналған ҚР діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша мемлекетті бағдарламаны іске асыру аясында түсіндіру-ағарту әрі насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері - Дін істері комитеті Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығы Исламды зерттеу бөлімінің басшысы, теолог Мұхан Исахан, E-islam.kz порталының бас редакторы, белгілі дінтанушы Жалғас Сәндібай, Мәдениет және діндер халықаралық орталығы директорының орынбасары Дәуренов Жорабек. Өкілдер алдымен Жаңаөзен қаласының тұрғындарымен кездесіп, келу сапарларының мақсатын түсіндіріп, көкейде жүрген мәселелерді ортаға салды.
Ақтау қаласы «Арман» жастар орталығында өткен жүздесу аясында да діни әрі қоғамдық салмағы басым өзекті сұрақтар талқыға түсті. Әсіресе, Ақтөбе қаласында орын алған жағдайлардан кейін насихат және түсіндіру жұмыстарының маңызы арта түсетіні сөзсіз. Топ мүшелері елімізде 2500-ден астам мешіттердің қызмет етіп, имани білім беру жүйесінің ретке келгенін атап көрсетті. Алайда, соған қарамастан, әлі де адасушылыққа бой беріп жүрген жастарымыз аз емес. «Өкінішке орай қазір технологиялар дамыған заманда ақпарат көзі өте көп. Интернет арқылы баланың қандай білім-тәрбие алып жатқаны белгісіз. Соған қарамастан, көптеген ата-ана отбасындағы мәселеге мән бермей, күнделікті күйбең тірлікпен жүр. Қазір көбі барлық жауапкершілікті мемлекетке, мектепке, мұғалімдерге және имамадарға артып тастауға дайын тұрады. Ата - аналардың өздері отбасылық тәрбиеге мән бермей жатады. Имани тәрбие отбасынан басталады» - дейді РАНТ мүшелері.
Мамандар кездесу кезінде жастарға бағыт-бағдар беріп, қандай сұрақ туындамасын дін мәселесін жетік меңгерген мамандарға жолығып, сол туындаған сұрақтарға дұрыс жауап алудың және сенімді ақпарат көздерін пайдаланудың маңызын түсіндірді. Жиын барысында басқа да маңызды мәселелер талқыланып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді.
Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.06.2016
3685
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру