ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті жыл сайын балалардың бос уақытын тиімді өткізу, оларды имандылыққа тәрбиелеу мақсатында жазғы сауат ашу курсын ұйымдастырады.
Сауат ашу курсына қалаға қарасты жалпы білім беретін оқу орындарының жасөспірімдері қамтылады.
Маусымдық кезеңдегі сауат ашу курсының кезекті І-ші тобы оқу курсын аяқтады.
Сауат ашу курсына қатысқан жасөспірім балалар мен қыз балалар Құран оқу, имандылық, тәрбие бағытында біршама мағлұматтар алып, Ислам дінінің қағидаттарымен сусындады.
Барлығы 50-ге жуық жас шәкірттер өкіл имам Талғат Сейіткәрімұлының қолынан сертификат алып, ата-аналар алғысын жеткізді.
Бала тәрбиесіндегі маңызды роль атқаратын факторлардың бірі - оларға имандылық дәнін себу болса, бұл бағытта мешіт жанындағы сауат ашу курсы өз үлесін қосуда.
Аталмыш бағыттағы жұмыс өз жалғасын таба бермек.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.06.2016
3746
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру