Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері (РАНТ) облыстық мешітке келді

28.06.2016 3940 0 пікір

Дін істері комитеті жанынан құрылған "РАНТ" мүшелері 24-ші маусым күні Ақтау қаласына арнайы іс-сапармен келді. "РАНТ" мүшелері Дәуренов Жорабек, Сандыбаев Жалғас және Исахан Мұхан Маңғыстау облыстық орталық мешітінде қонақта болды. Арнайы шақырылған қонақтармен қатар, қазақ күресін серік еткен спортшылар да бір дастарханда қонақ болды.

Өкіл имам Смайыл Сейтбеков дастархан басында қасиетті ораза айының артықшылығы жайында уағыз айта келе, осы айда өткен күнәларымыз үшін көбірек Алладан кешірім сұрайық деп сөзін қорытындылады.

Құптан намазынан бұрын Дін мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу және талдау орталығы, Ислам зерттеу бөлімінің басшысы Исахан Мұхан облыстық мешітте жамағатқа «Зайырлылық және дін» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өкіл имам арнайы келіп, жамағатпен кездесу өткізген қонақтарға алғысын білдірді.

 

Маңғыстау облыстық орталық

 мешіттің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру