Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Рамазан айында қайырымдылық шарасын көптеп ұйымдастыру жөнінде үндеу жасаған болатын. Осыған орай, Ақтөбе қаласында «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Рамазан – рақым айы» атты қайырымдылық шарасы өтті. Шара барысында мешіт жамағатының демеушілік етуімен қаладағы жағдайы төмен 100 отбасына азық-түлікпен (әр адам басына – макарон 2 кг, ұн 4 кг, күріш 1 кг, қант 1 кг, сұйық май 2 лт, шәй 250 гр, құрма 1 пачка, тәтті тоқаштар 400 гр) көмек көрсетілді. Мұқтаж отбасылардың тізімі мешітке өтініш білдірген жандар мен қалалық әкімдік ұсынған отбасылардан құралған.
Жиылған қауым алдында сөз алған Өкіл имам Төлеби Оспан Рамазан айымен құттықтай келе, ораза айында Бас мүфтидің бастамасымен атқарылып жатқан игі шаралар барысымен таныстырды. Алланың сынағына мойымай, қасиетті айда Жаратқаннан жақсы дұға-тілектер тілеуге шақырды. Сонымен қатар, БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе қаласында Рамазан айының құрметіне «Оразаның әр күніне бір сауап» атты сауапты іс-шаралар жүзеге асырылуда. Нақытырақ айтқанда, Бас мүфти Үндеуі мен құттықтауы және ораза кестесін т.б. оразаға қатысты парақшалар халыққа тегін таратылып, күнделікті мешіт жамағатына арнап ауызашар дастархандары ұйымдастырылды. Тарауық нaмазына келген жамағатқа тегін такси қойылып, мешіттің жас жамағаты қария кісілердің үйлерін жинап беріп, қарттардың батасын алды. Қазақи салт бойынша асар деген ұжымды тірілтіп, үй салып жатқан азаматтарға жастар асарлатып көмек көрсету сынды істер атқарылуда.
Мұндай қайырымды шаралар өз кезегінде қоғамдағы адамдардың арасын жақсартуға және бір-біріне мейірімділік танытуға шақырады. Барлық іс-шараларға қолдау көрсетіп келе жатқан ақтөбелік жұртшылыққа Алла Тағала разы болсын дегіміз келеді.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.06.2016
4298
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру